Мен, Мауленова Мадина Болатқызы, 1991 жылы туған, қазақ, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Фурмановка ауылында дүниеге келдім. С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітіргенмін (бакалавриат) 2016 ж. Еңбек жолын «№12 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік мемлекеттік мекемесінде жалпы тәжірибелік дәрігер болып бастадым (2016-2017 жж.). 2017 жылы «Қазақ үздіксіз білім беру медициналық университеті» АҚ-да 864 сағат көлемінде «Фтизиатрия» мамандығы бойынша қайта даярлау курсын аяқтадым, одан кейін «Ұлттық Фтизиопульмонология мемлекеттік кәсіпорнында» эпидемиологияның, стратегиялық даму, мониторинг және бағалау бөлімінде дәрігер-әдіскер ретінде практикалық жұмысын жалғастырдым (2017-2019). 2019-2021 жылдары «Қазақстан-Ресей Медицина Университеті» ЖОО-да «Эндокринология, оның ішінде педиатрия» мамандығы бойынша 2 жылдық резидентурасын аяқтадым. 2022 жылдан бастап «Орталық клиникалық аурухана» АҚ жалпы тәжірибелік дәрігер және медициналық көмек бөлімінің эндокринолог дәрігері болып жумыс істедім. 2023 жылдан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ клиникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс жасаймын. Жалпы жұмыс өтілі, оның ішінде резидентура 7 жыл. Үйленгенмін, 2015 жылы туған қызым және 2017 жылы туған ұлым бар.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Резидентура
2019

С.Асфендияров атынд.ҚазҰМУ

Бакалавриат

2014

Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0